KZ

Лондон қазақтың спортшыларына қазы-қарта әкелуге тыйым салды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Кеше ВВС агенттігі "Лондон әуежайы қазы-қартаны өткізбеуі мүмкін. Ұлыбритания шекара агенттігі жасаған, мемлекетке алып кіруге болатын ет өнімдерінің тізімінде қазы-қарта жоқ" деп жазды.

Осылайша қазы-қартамыз да олимпиадалық ас мәзірі ретінде жолдамадан қағылатын түрі бар, деп жазады "Айқын" газеті.

Дүниежүзіне аты мәлім ақпарат агенттігінің таратқан дерегі туралы спорт комитетінің төрағасы жур­на­листермен кездесуде "Қазір бұл мә­­селені талқылап жатырмыз. Олим­­пиада кезінде Лондонға қазы-қарта алып кіру қиындық туғызбауы тиіс" деп жауап берді.

Академик Төрегелді Шарманов­тың пайымдауынша, қазы-қартаны тек боксшылармыз бен палуандар үшін деп бөле-жара қарау қате. Сіңімділігі және ағзаға пайдалылығы жағынан қазақтың қазысымен иық тіресе алатын тағам түрі әлі жоқ. Ұлттық бітім-болмысымызды сақтап қалу үшін біз ұлттық тағамтану саясатын қалыптастыруымыз шарт. Бұл - кезек күттірмейтін мәселе. Егер біз мұны ЕО немесе ДСҰ шең­берінде мемлекет­тік деңгейде шеше алсақ, ұлттық та­ғамға қатысты біраз жайттардың түйіні тарқатылар еді.

- Әлемнің таңдайы қазақтың қазы-қартасының дәмін енді сезді. Кейбір елдер оны спорттық ас мәзіріне қосып үлгірді дегенді естіп жатамыз. Біз оны олимпиадалық ас мәзіріне қосып, әлемдік деңгейде тарата алсақ, қазақтың үштен бір бөлігін қазы-қарта, жал-жая ғана асырай алады, - дейді академик.

- Біріншіден, мемлекет тарапынан "Қазақтың ұлттық тағамдары" деп аталатын арнайы бағдарлама қолға алынуы керек. Екіншіден, қазақтың ұлттық тағам академиясы керек. Мәселен, мен Кореяда Корольдік ұлттық тағам академиясында бол­дым. Сонда барлық шетелден зерт­теушілерді арнайы шақырып, бірнеше күн бойы тек тамақтандырып қана қоймай, тамақтану мәдениетіне, мәселен, қарапайым ғана отырып-тұрудан бастап, қос таяқ арқылы тамақ жеуге үйретті.

Алғашында жатсындым, қос таяқтан қолым ауырып, бірақ ақыры 23 күн дегенде үйрендім ғой. Сөйтіп, бізді былайша айтқанда, "сындырды". Ащы тамақ зиян деуші едім, пайдалы екен. Міне, басқа елдер қалай көндіреді? Мұндай институттар Малайзия, Жапонияда да бар. Олар кәдімгідей мемлекет­тен қаржыландырылады. Өз ғимарат­тары бар. Бізге де ұлттық тағамға қаржы бөлу керек, бұл - бір.

Сонан соң қайраткерлеріміз тек қазақша сөйлеп қана қоймай, міндетті түрде жылқы етін, қымызын, сол сияқты қазақтың төл тағамдарын жүрген жерінде на­сихаттауы керек. Спортшыларымыз бен журналистеріміз насихаттасын. Тек мемлекет қана емес, не болса сонымен айналысып жүрген үкіметтік емес ұйымдар да осыған жұмыл­сын. Қазақ аспаздығын дәуірлету керек. Біз осы жолмен ғана ұлттық тағамдарды әлем алдында таныта аламыз, - дейді Әзімбай Ғали.

Новости Казахстана
Лондон қазақтың спортшыларына қазы-қарта әкелуге тыйым салды
Mailfire view pixel