KZ

Каспийде батып кеткен "Найза" шекаралық катері жер бетіне шығарылып жатыр

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Каспий теңізінде "Найза" шекаралық катерін су түбінен көтеру бойынша операция басталды.

Жайық-Каспий бассейнінің балық қорын сақтаумен айналысатын органдар қызметкерлерінің айтуынша, операция арнайы понтондардың көмегімен жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК-нің "Найза" шекаралық катерімен байланысты оқиға 28 маусым күні орын алды. Төтенше жағдай орнында болған біздің дереккөзіміздің ақпаратынша, оқиға сол күні кешке Қаражанбас ауданында жағадан 14 шақырым жерде болды.

Бұл жерді балықшылар "кеме моласы" деп атап кеткен. Кеңес заманынан бері бұл ауданда бірнеше ірі және орташа баржалар батып кеткен. Шекаралық катер осы баржалардың біріне тап болып, тесіліп, суға батты.

Батыс аймағының әскери прокуроры Талғат Бекбергеновтың ақпаратынша, катердің экипажы қауіпсіз жерге көшірілді. Теңізшілер арасында зардап шеккендер жоқ. Катердің қаншалықты бүлінгені және оның алдағы тағдыры туралы ақпарат жоқ.

Новости Казахстана
Каспийде батып кеткен "Найза" шекаралық катері жер бетіне шығарылып жатыр
Mailfire view pixel