KZ

ФСБ агенті 11 қыркүйектегі теракт кезінде періштелерді көріпті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұрынғы полиция офицері, ФСБ агенті Лилли Леонардидің 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Пенсильвания штатын террористер басып алған ұшақтың құлауынан періштелер қорғағаны баяндалған кітабы жырық көрді, деп жазады The Wall Street Journal.

56 жасар әйел "Әл -Каида" лаңкестері United Airlines компаниясының №93 рейсін басып алғанда қызметте болыпты. Әуе көлігі нақты қай жаққа бағыт алары белгісіз болғанымен, оның Вашингтонның маңызды әкімшілік ғимараттары – Ақ үй немесе Капитолийге құлайтыны анық еді.

Бұған дейін террористер айдап әкеткен үш ұшақ егіз мұнара мен Пентогон ғимаратына соғылғаны аталып көрсетіледі. Террористердің ойлағаны іске аспай қалды, ұшақ Ақ үйден алыс емес Пенсильвания орманына құлады. Ресми ақпаратқа қарағанда, ұшақта болған жолаушылар террористерге қарсы шығып, ұшақтың қала үстіне құлауына кедергі болады.

Лилли Леонард №93 рейс Пенсильвания үстінен ұшып бара жатқанда ұшаққа қарай бағыт алған періштелер тобын көріпті. "Мен осыны нақты көргеніме ешқашан күмән келтірген емеспін, тек басқа емес, неге мен көрдім деп ойлайтынмын", деп жазады бұрынғы агент. Ол аталған терактіден кейін психологиялық соққы алуына байланысты ФЗБ жұмыстан кетіпті.

Новости Казахстана
ФСБ агенті 11 қыркүйектегі теракт кезінде періштелерді көріпті
Mailfire view pixel