KZ

Жүргізушілер "жалаңаш" қыздың жарнамасын алып тастауды талап етті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Германия, Ұлыбритания мен Швейцарияның көшелерінен автокөлік жүргізушілерін әбігерге салған "жалаңаш" қыздың жарнамасы алынып тасталды, деп хабарлайды euromag.ru.

"Көзіңді көтер де алаң болма!" - деп ұрандатып, анадайдан менмұндалап тұратын жарнамалық плакатта шолақ шорты киіп алған модельдің сұлу аяқтары бейнеленген екен.

Ер азаматтардың есін алған осындай билборд Германия, Швейцария мен Ұлыбританияның көшелерінде біраз ілініп тұрды. Соның негізінде жарнама ілінген жол бөлігінде ЖКО саны көбейіп кеткен. Соңында шыдамы таусылған жүргізушілер Geneva жарнама агенттігіне шағым түсіріпті.

Агенттікке сондай-ақ жол полициясының өкілдерінен де ескерту келген. Нәтижесінде, жанжал тудырған жарнама жол бойынан алынып тасталды, деп жазады ANSA.

Новости Казахстана
Жүргізушілер "жалаңаш" қыздың жарнамасын алып тастауды талап етті
Mailfire view pixel