KZ

Қазақстандық туристер енді алданбайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Аузы күйген үрлеп ішеді. Шетел асып демалам деп, алаяқтарға алданып қалған қандастарымыздың құқығы биыл ерекше қорғалатын түрі бар. Қазақстан туристік қауымдастығы бұл іске белсене кірісіп кетті.

Енді бұрғынғыдай аты бар да, заты жоқ туристік фирмалардың тірлігіне тосқауыл қойылуы мүмкін. Өйткені, қауымдастық сенімді деген туристік агенттіктердің тізімін жасақтап шықты. Енді ел асып ерекше демалғыңыз келсе, www.kaztour-association.com сайтынан қажетті ақпаратты алуыңызға болады.

РАШИДА ШӘЙКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Сондықтан, жылына бір келетін демалыстарыңызда алданып қалып, кейіннен сот жағалап жүргенше біздегі сенімді агенттіктердің қызметіне жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Олардың тұрақты мекен-жайлары, жауапты тұлғалардың байланыс номерлері де болады. Яғни, алданып қалмайды енді ешкім.

Ал, астаналықтардың биыл Анталия аңсары ауып тұр. Мәселен, 1 шілдеге дейін сол жаққа бағыт алғандардың саны өткен бір жылғы көрсеткіштен асып кеткен. Сондай-ақ, керісінше Астанаға ат басын бұрғысы келетін шетелдіктердің де саны биыл үш есеге артыпты.

ИННА РЕЙ, ТУРИСТІК АГЕНТТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бірақ, бірден айта кетейін, олар туристік мақсатпен емес, іскерлік мақсатпен келгендер. Дегенмен Астананы аралатуымызды сұрайды. Біз оларға қаланы ғана емес, жақын маңдағы ерекше орындарды да көрсетуге тырысамыз.

Жалпы, биыл қазақстандықтар он сегіз елге визасыз қатынай алады. Атап айтқанда, алыс-жақын Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжанмен қатар, Сербия, Моңғолия, Түркия, Малайзия секілді елдерге міндетті тіркеусіз барып-келуге болады.

Новости Казахстана
Қазақстандық туристер енді алданбайды
Mailfire view pixel