KZ

Астанада тағы да баспана дауы басталды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты тұрғын үйдің иелері пәтерлерінің кілттерін ала-алмай жүр.

Олардың дені мұғалімдер мен дәрігерлер. Мемлекеттік комиссия тұрғын үйді осыдан жарты жыл бұрын қабылдаған. Алайда, осы уақытқа дейін құзырлы мемлекеттік мекеме пәтер иелерінің қолдарына кілт табыстауды кейінге шегеріп келген.

10 қабатты тұрғын үйде 250-ден астам пәтер бар. Мұның да құрылысы әупірімдеп аяқталыпты. Бірақ, "біткен істің басына, сыншы келер қасына". Құрылыстың кемшін тұстары да жетерлік. Осыған қарамастан, бұл үйді мемлекеттік комиссия қабылдап алған.

Олардың көп нәрсеге көз жұмбайлықпен қарағаны анық аңғарылады. Есіктері аңғал-саңғал. Қабырғалары шұрық-тесік. Қытайдың арзан қол материалдары көзге ұрып тұр. Ең бастысы электр жарығы мен су жоқ. Үйдің қабылдаудан өткеніне жарты жыл болса да, пәтер иелері кілттерін ала алмай келеді. Бүгін олар бас көтеріп, жиын өткізді. Кездесуге мемлекеттік мекеме емес, мердігер компанияның өкілдері келді. Олар өздерін "сүттен ақ, судан тазамыз",- дейді.

ҚҰРМЕТ ҚАПАЛБЕКОВ, "НОМАД-СТРОЙ ЭК" ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз құрылысты салып, комиссияға тапсырдық. Пәтерлердің кілттері қазір біздің қолымызда. Оны біз қалалық мүлік мекемесіне беруіміз керек. Олар кілтті бізден алып, тұрғындарды орналастыруы тиіс. Бірақ, неге екені белгісіз қалалық мүліктің басшысы ат тонын ала қашып жүр, телефон шалсақ жауап бермейді.

"Қалалық мүлік" ЖШС-нің басшысына арнайы бардық. Мәселенің мәнісін сұраған едік сауалымызға жауап таппадық. Жарты жыл бойы пәтерлеріне кіре алмай жүрген адамдар кімнен жауап аларын білмей дал. Мердігерлер, "Қалалық мүлікке", олар Тұрғын үй басқармасына сілтеп бастарын қатырған.

БАҚЫТХАН БАСШЫБЕКОВА:

- Мемлекеттік бағдарлама бойынша алғаннан кейін, оған ақшамызды құйып жатырмыз барлығымыз. Несие ғой, ол Үкіметтің ақшасы ғой, айына 22 мың теңге төлеймін. Пәтерге айына 40 мың төлеймін, сонымен бүкіл еңбекақымды соған салып қойып, демалыстан күдер үзіп отырмын, не демала алмаймын барып ешқайда.

Тұрғын үйдің тазалығы да сын көтермейді. Кейінгі кезде кеміргіштер көбейген. Азық таппай ашыққандары өліп жатыр. Дегенмен, кешқұрым құзырлы мекеме пәтер иелеріне кілттерін бере бастапты. Ал жарық пен суды ертең қосуға уәде еткен.

Новости Казахстана
Астанада тағы да баспана дауы басталды
Mailfire view pixel