KZ

Жүйкесі сыр берген азамат өз пәтерін өртеп жіберді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматыда жүйкесі сыр берген азамат түн жарымында көршілерінің зәресін алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жетісу ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде тұратын ол пәтерін өртеп жіберген. Сөзіне сенсек, бұл қадамға көршілерінен кек алу үшін барыпты. Пәтер ішіне от қойып, сыртынан құлттап кетіп қалған.

Абырой болғанда, көршілері қою түтінді көріп өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырған. Бірақ, құтқарушыларға темір есікті бұзу мүмкін болмаған соң, үшінші қабаттағы үйге терезе арқылы кіруге тура келді. Біраз уақыттан кейін пәтер иесі де табылды.

"Отты кек қайтару үшін жақтым" деп жайбарақат жүр. Бірақ кімде өші кеткенін сол күйі түсіндіріп бере алмады. Тек бұтына киген әйелдер шалбарымен алысып әлек. Енді жүйкесі сыр берген жігіт жындыханаға қамалуы мүмкін. Әзірге тергеу изоляторында отыр.

Новости Казахстана
Жүйкесі сыр берген азамат өз пәтерін өртеп жіберді
Mailfire view pixel