KZ

Ғалымдар алдағы Олимпиадада жеңімпаз атанатын елдерді атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Танымал Британ ғалымы Эмили Уильямс Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша алғашқы бестікке ілігетін мемлекеттер туралы болжамын жариялады.

Уильямстың ойынша, жалпы есепте 1-і орынды Қытай спортшылары алмақ. Олар 48 алтын жүлде жеңіп алады екен. Екінші орында АҚШ спортшылары. Эмилидің болжамына сенсек, алып спорт державасы 35 алтынға қол созады.

Үшінші орынды 25 алтын жүлдемен Олимпиада қожайындары Ұлыбритания иеленбек. Төртінші орында 21 алтын алып қалуы бек мүмкін Ресей спортшыларына беріпті Эмили. Ал, үздік бестікті түйіндеу бақыты 15 алтын еншілеуі мүмкін Германия құрамасына "бұйырған".

Эмили Уильямс бұл болжамдарын аспаннан алып отырған жоқ. Болжам жасарда әйгілі профессор Эндрю Бернардтың формуласына сүйенген. Бернард формуласы арқылы жасалған Бейжің Олимпиадасының нәтижелері мейілінше шындыққа жақын болған еді. еді.

Бернард формуласында тек қана елдегі спорт пен спортшының жағдайы ғана негізге алынбайды. Мемлекеттің макроэкономикалық ахуалы, ұлттық экономиканың деңгейі мен халық саны да назардан тыс қалмаған.

Новости Казахстана
Ғалымдар алдағы Олимпиадада жеңімпаз атанатын елдерді атады
Mailfire view pixel