KZ

Қазақстан инвестиция құю үшін қолайлы ел болып танылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Филиппиндік Tempo басылымының пікірі мен Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Қазақстан инвесторлар тарапынан қызығушылық туғызатын 20 елдің қатарына енеді екен.

i-News.kz хабарлағандай, Tempo журналы жариялаған мақалада "Chevron, General Electric, British Gas, Samsung, CNPC мен басқа да әлемдік компаниялардың Қазақстан нарығында қызметтерін жүзеге асыруы елдің инвестициялық тартымдылығының ең маңызды көрсеткіші саналады" делінген.

Статистикалық мәліметтерге сай, соңғы бес жыл ішінде Қазақстан 137 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартқан. Осылайша, қазіргі таңда мемлекеттің инвестициялық қорында 38,5 миллиард доллар бар.

Айта кетейік, сондай-ақ филиппиндік ақпарат құралы Қазақстанды әлемдік экономикалық дағдарыстан аман қалған азғантай елдің қатарына қосты. "Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде бұл ел экономикалық өсудің ең жоғары қарқынын көрсетті", - деп

Новости Казахстана
Қазақстан инвестиция құю үшін қолайлы ел болып танылды
Mailfire view pixel