KZ

2015 жылға дейін әрбір 4-нші қазақстандық спортпен күнделікті айналысуы тиіс

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

2015 жылға дейін қазақстандықтардың 25%-ы спортпен күнделікті айналысатын болады. Бұл жайында ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттікте хабарлады.

"Әлемдік тәжірибе халық денсаулығына әсер ететін басты фактор – бір жағынан, ауру-сырқауды тоқтататын мемлекеттің қадамы, екінші жағынан, саламатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасау екенін көрсетіп тұр. Ауруларды тоқтату таза су мен пайдалы тағам қолдану, тазарту жүйелерінің бар болуы, саламатты өмір салтын қалыптастыруда МЕҰ мен бизнес-қауымдастықтарды қатыстыру дегенді білдіреді", – деп айтылған хабарламада.

Сондай-ақ, ішімдік, темекі, есірткі сынды зиянды әрекеттерге жақын болудың зардабы жайында халық арасында кең ақпарат тарату қажет.

"Темекі шегу, ішімдік қолдануды азайту, халықтың спорттық-бұқаралық шараларға қатысуын арттыру. Бұл күн сайын кем дегенде 30 минут дене шынықтырумен айналысатындардың санын 2013 жылы 18%-ға, 2015 жылы 24,9%-ға арттырады", деп айтылған баспасөз баяндамасында.

Новости Казахстана
2015 жылға дейін әрбір 4-нші қазақстандық спортпен күнделікті айналысуы тиіс
Mailfire view pixel