KZ

Үш жасар бала асық ату ойынының ең жас қатысушысы атанды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Астана күнін мерекелеу аясында "Дәулет" спорт кешенінің ашық теннис алаңында "Алтын сақа" ұлттық асық ату ойыны бойынша ІV қалалық турнирі өтті.

Бұл жайында Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл жылы жарысқа қатысушылар саны 80 адамнан асты. Астана тұрғындарынан өзге, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан келген мергендер де жүлдеден үміткер болды.

"Жаңбырлы ауа райы жарысқа қатысушылардың да, көрермендердің де мерекелік көңіл-күйлерін бұза алған жоқ", – дейді ұйымдастырушылар. Жарыс "Алшы ойыны" ережелері бойынша ересектер мен балалар арасында екі алаңда өтті. Айта кетерлігі, жарысқа қатысушы балалар өте көп болды. Олардың ең кішісі – 3,5 жасар Нариман Қаиркенов жарыстың не екенін жетік түсінбесе де, ойынның ережелерін жақсы меңгерген. Ұйымдастырушылар – астаналық спорт басқармасы Нариманды "ең жас ойыншы" ретінде марапаттады.

"7-14 жас аралығында "жүзден жүйрік" болып, бірінші орынды иеленген Мағзан Баймағамбетов болды. Бұл категорияда екінші және үшінші орындары сәйкесінше Қайрат Сатыбалдинов пен Мәди Жеңісовке бұйырды. Ересектер арасында Жанай Ибраевтың асығы алшысынан түсті. Ұлттық ойын жарысының күміс және қола жүлделері Кәрішал Какашев пен Алмас Жолшара қатысушылары иеленді.

Жеңімпаздардың барлығына бағалы сыйлықтар – тұрмыстық техника тарту етілді. "Белсенділік танытқан үшін" номинациясы бойынша балалар арасында Елхан Тұрсынбек, ересектер арасында Сайранбек Шынарбек марапатталды", – деп айтылған хабарламада. Ұйымдастырушылар келер жылы қатысушылар үшін бұдан да қызық жарыс түрлерін ұйымдастырмақшы. Себебі, келесі "Алиын сақа" жарысы есеп бойынша бесінші, мерейтойлы датасы болмақ.

Новости Казахстана
Үш жасар бала асық ату ойынының ең жас қатысушысы атанды
Mailfire view pixel