KZ
Елімізде көлік құны бірқалыпты болады (видео)
Новости Финансы

Елімізде көлік құны бірқалыпты болады (видео)

Расказать Вконтакте

Елімізде көлік құны бірқалыпты болады. Жұрт Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе, темір тұлпар бағасы арзандайды -деп күткен еді. Бірақ үміт ақталмайтын сынды. Сарапшылар Қазақстанның көлік нарығында алдағы 1 жарым жылда өзгеріс болмайды -деп отыр. 

if ( typeof video_ad_preroll != 'undefined' ) { video_ad_preroll_url = escape(escape(video_ad_preroll_url)); video_player = video_player.replace('prerolltpl', 'preroll=' + video_ad_preroll + '%26redirect=' + video_ad_preroll_url);}

if ( typeof video_ad_postroll != 'undefined' ) { video_ad_postroll_url = escape(escape(video_ad_postroll_url)); video_player = video_player.replace('postrolltpl', 'postroll=' + video_ad_postroll + '%26redirect=' + video_ad_postroll_url);}

document.write(video_player);

Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе, елімізде көлік құны арзандайды деген халық үміті желге ұшты. Керісінше Кедендік Одаққа мүше көрші ел 1 тамыздан бастап автокөліктерге төленетін баж салығын көбейтпек. Ескі теміртұлпарға деген талап тіпті қатты, ақы еселене түседі. Енді ресейлік көлік иелері 20 мың рубльге яғни 100 мың теңгеге дейін қазынаға қаржы аударуы тиіс. Жаңа қаулының салқыны алып көршіге жалтақтаған Қазақстанға да тимек. 

ВИКТОР ЯМБАЕВ, АЛМАТЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

-Біздің елде енді көлік бағасы арзандамайды. Дәл қазір қымбаттауы да күтілмейді. Бірақ бірнеше жылдан кейін көлік құны қымбаттауы ғажап емес. Алаңдайтынымыз, біздің тұтынушылар көлік таңдау құқығынан айырылып барады. Алдағы жылдары еуропалық, жапондық машиналардан гөрі елімізде Ресейде құрастырылған көліктер қаптауы мүмкін.

Дегенмен еліміз темір тұлпарға салынатын баж салығын қамбаттатпай бірқалыпты ұстамақ. Сондықтан Қазақстанда көлік бағасы әзірге қымбаттамайды да, арзандамайды да. Көңілге қонымдысы да осы. Алайда нарыққа Ресейдің әсері күшейіп бара жатқаны мамандарды қатты алаңдатады. 

ИГОРЬ ТЕН, АЛМАТЫ Қ. БОЙЫНША КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Қазір Қазақстанды Ресей мұқият қадағалап отыр. Өйткені біз бір Кедендік Одақтың аясында жұмыс істеп отырмыз ғой, сондықтан Ресейдің әрбір қабылдаған заңы біздің нарыққа әсер етеді.

Осыған дейін қырғыз нөмірлі көліктерді құртуға Кедендік Одақтың ықпал еткеніне халық куә. Енді баға саясатына да бас сұғады-ау деген күдік басым. Сондықтан алдағы уақытта көлік құнының шарықтауы ғажап емес деген тұспал айтылып отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии