KZ
Бурабай шипажайында СПА-орталық және яхталарға арналған айлақ салынады
Новости Финансы

Бурабай шипажайында СПА-орталық және яхталарға арналған айлақ салынады

Расказать Вконтакте

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысының Бурабай ауданына келді және Шортанды-Бурабай курорттық аумағының даму барысымен танысты.

"С.Ахметов Шучье көлінің жағасындағы туристік-сауықтық кешеннің құрылыс жобасымен танысты. 12 жылға, 2012 жылға дейін жоспарланған бұл жоба 7 кезеңде жүзеге асырылады. Құны 450 млрд. теңгеге бағаланып отырған жобаға 200 нөмірлік қонақүй, мейрамханалар, СПА-орталық, яхталарға арналған айлақ және басқа да нысандардың құрылысы кіреді", - делінген Қазақстан премьер-министрінің сайтында жарияланған хабарламада. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" хабарлады. 

Бурабайда өткен кеңесте С.Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігіне, Қаржы министрлігі мен облыс әкімдігіне Шортанды-Бурабай курорттық аумағын дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау үшін қажетті соманы сенбіге дейін анықтау туралы тапсырма берді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии