KZ

Ақтөбелік құтқарушылар шомылу киіміне күбі байлап алуды өтінуде

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақтөбелік құтқарушылар су қоймаларында демалушыларға шомылу киіміне күбі байлап алуға кеңес беруде. Өйткені ол суға батып кету жағдайында іздеу жұмыстарын жеңілдетеді.

Мұндай ерекше өтініш жасауға құтқарушыларды суда мас күйінде шомылатындардың әрекеті итермелеген. "Мас күйінде батып кеткендерді сүңгуірлер бірнеше күн іздейтін жағдайлар болады. Өйткені ешкім де оның қайда жүзіп жүргенін және қайда батып кеткенін мүлдем білмейді", - деп хабарлады 1tv.kz тілшісіне Ақтөбе облысы ТЖД-нің суда құтқару қызметінің құтқарушы маманы Оксана Кичигина.

Оның сөзіне қарағанда, "мұнда мәселе күбіде де, құтқаруда да емес, мас күйінде суға жүзуді ұнататындар осы арқылы ойланар деген үміт бар".

Деректер бойынша айтар болсақ, Ақтөбе облысында шомылу маусымы ашылғаннан бері 7 адам суға батып кетсе, шамамен батып бара жатқан 30 адам құтқарылыпты. Соның ішінде батып бара жатқандардың арасында 80 пайызы, сүңгуірлердің сөзіне қарағанда, мас күйде болыпты. Облыста 650-ден астам су қоймасы бар, ал құтқарушылар саны 40-тан асады.

Новости Казахстана
Ақтөбелік құтқарушылар шомылу киіміне күбі байлап алуды өтінуде
Mailfire view pixel