KZ

Алматыда күйші Асылбек Еңсеповтің әкесі көз жұмды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматыда 59 жасында қазақтың танымал сазгері Жасарал Еңсепов көз жұмды, деп хабарлайды BNews Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Алматыда 59 жасында танымал музыкант, сазгер, домбырашы, күйші, орындаушылар арасында кеңінен танымал болған "ДЭККО" (домбыра, эстрада, күй, компьютер орындаушы) жанрының авторы, Алматы қалалық өнер мектебінің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Еңсепов Жасарал Жақсылықұлы көз жұмды" деп жазылған хабарламада.

Жасарал Еңсепов 32 жасында Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға түсіп, 40 жасында оқу орынын бітіріп шығады. Музыкант бар күш-жігерін қазірде өнерде өзіндік орыны бар ұлы Асылбек Еңсеповты тәрбиелеуге жұмсады.Кейін ізбасары орындаған ДЭККО жанрына патент алған.

Фотода Жасарал Еңсепов ұлы Асылбек ЕңсеповпенФото: Қазақпарат 

Новости Казахстана
Алматыда күйші Асылбек Еңсеповтің әкесі көз жұмды
Mailfire view pixel