KZ

Атырауда сынап бағанасы +50-ді көрсетті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерін аптап ыстық алқымнан алып тұр, деп хабарлайды 31 арна.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы екі тәулікте де Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сынап бағанасы 40 градустан асып жығылады. Қазір, аймақтарда ыстыққа байланысты кейбір мекемелердің жұмыс уақыты қысқартылды. Ал, қан қысымы көтерілгендердің санында есеп жоқ. Батыстағы ең жоғарғы температура Атырауда тіркелді. Мұнда сынап бағанасы + 50-ді көрсетіп тұр. Тұрғындар күннен қорғайтын бас киім мен қолшатырсыз көшеге шығудан қалдық дейді.

Есесіне, салқын сусын мен балмұздақ сататындардың саудасы қызып тұр. Ал, мұнай өңдеу зауыттарында еңбек ететін жұмысшылар, ыстықтан өндіріс орындарында естерінен талып қалуда. Бұрғылаушы Нұржан Аққұзовтың денесіне қан қысымын реттейтін аппарат орнатқанымен, бұл қондырғыда оны ыстықтан қорғай алмай, аурухана төсегіне бірақ таңылтқан.

НҰРЖАН АҚҚУЗОВ:

- Даланың ыстығынан жұмыс уақытымызды азайтты. 2 сағат жұмыс істеп, 20 минут дем аламыз. Бұның өзі көмектеспейді. Кеше мұрнымнан қан ағып, есімнен тандым. Мені тез арада қалаға алып келді. Уйде суық су қабылдап, күні бойы ешқайда шықпаймыз.

Оралда да күн күрт ысып кеткен. Қазір, аймақта ауа температурасы +40. Ал, жүрек ауру және пневмония ауруына шалдыққандар Ақтөбе қалалық ауруханаларды лық толтыруда. Ал, Қызылорда облысы керісінше, шілденің шіліңгір ауа райын тағатсыздана күтуде. Бұған облыс аймағы кенелердің ошағына айналып қырым-қанды безгегінің қаупі күшейгені себеп болуда.

Кенелер сәуірде оянып, мамыр-шілде айларында ұрықтанып, көбейіп, белсенділіктері артатын кез. Олардың белсенділігінің төмендеуіне тек 40-45 градустық ауа райы әсер етеді екен. Ең сорақысы сол, ауа райының қоңыржайлылығынан, бір мезгілдің өзінде төрт адамның қырым-қанды дертімен облыстың жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылуы. Науқастардың халі өте ауыр деп бағалануда.

ҮЙТОЛҒАН ОМАРОВА:

- Аймағымызда кенелердің қаптап кетуінің себептері, биыл көктемде күн күрт ысып, кенелердің ерте оянып кетуінен болып отыр. Ауа райы қазір салқын болып тұр. Ал, кенелер қатты ыстықта ғана ұйықтайды немесе залалы сол кезде ғана азаяды. Осы жағдай көкала дертінің өсуіне себеп болып отыр.

Бұл әлі шіліңгір шілденің басы ғана. Мамандар қырық күн шілдеде ауа қысымы қатты қапырық болып, айналаның барлығы аптапқа айналатынын жеткізді.

Новости Казахстана
Атырауда сынап бағанасы +50-ді көрсетті
Mailfire view pixel