KZ
Қазақстанда 4 жылдан соң ақылы жолдар пайда болады
Новости Финансы

Қазақстанда 4 жылдан соң ақылы жолдар пайда болады

Расказать Вконтакте

Алматыда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде автожолдардың 2 бастапқы жобасы: "Астана – Теміртау" және "Алматы – Қапшағай" – таныстырылды.

Kapital.kz ақпараты бойынша, автожолдарды салуға 4 жыл уақыт кетеді. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің өкілі Ратмир Ахметов атап өткендей, "Астана – Теміртау" және "Алматы – Капшағай" жобалары іске қосылғаннан кейін автокөлік иелеріне жолақы тарифін енгізу жоспарланған.

Тариф көлемі жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөліктер үшін 1 шақырымға 1 теңге болса, жүк көліктеріне бұл баға 1 шақырымға 15 теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ жолақысын әрбір 5 жылда көтеріп отыру да жоспарланыпты.

Сарапшы 70 мың автокөлік еркін өте алатындай етіп салынған "Астана-Шортанды" ақылы автожолының сәтті іске қосылғандығын атап өтті. Айта кетейік, "Астана – Теміртау" және "Алматы – Қапшағай" жобаларын зейнетақы қорлары мен жеке құрылыс салушылар қаржысына салу көзделген.

Болжам бойынша, мемлекеттік бюджеттен – 30 пайыз, зейнетақы қорынан – 60 пайыз, құрылысты салушыдан – 10 пайыз қаржы тартылады деп күтілуде.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии