KZ
Шымкентте таяу уақытта барлық қала базарлары жабылуы мүмкін
Новости Финансы

Шымкентте таяу уақытта барлық қала базарлары жабылуы мүмкін

Расказать Вконтакте

Шымкент өрт сөндіру қызметкерлері сот тәртібі негізінде қала базарларын жабуды көздеп отыр. Олардың жүргізген рейдтері мен салған айыппұлдары қажетті нәтижеге қол жеткізбейтін түрі бар.

Базар иелері тіпті өрт қауіпсіздігіне байланысты анықталған олқылықтарды жөндеуге тырысып та отырған жоқ. 1tv.kz тілшісіне Шымкент МӨБҰ ТЖБ бас маманы Мадияр Жақсыбаев мәлімдегендей, өрт бола қалған жағдайда базар аумағына өрт сөндіру көліктері кіре де алмайды.

Кіреберіс жолдарды қалай болса солай орналастырылған автотұрақтар жауып тастаған. Тіпті көлік өте қалған жағдайда өртті сөндіру де қиындық тудырады. Мәселен, Шымкенттегі жабық базардың аумағында су жоқ. Өрт сөндіру қызметкерлерінің айтуына қарағанда, автоцистерналарда сақталатын су көлемі аз.

Айта кетейік, жыл басынан бері өрт сөндіру қызметкерлері Шымкенттегі алты базарды тексерді. Олардың бәрінен де ұқсас жағдайдағы олқылықтар анықталды. Өрт сөндірушілердің қолынан келгені – 220 мың теңге көлеміндегі айыппұл салу болды. Жақсыбаевтың айтуына қарағанда, қазір оның ведомствосы сот тәртібі негізінде барлық өрт қауіпсіздігі сақталмаған базарларды жабуға қол жеткізбек.

Расказать Вконтакте
Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии