KZ
Алматыда қос келіншек полицейлерді сабап тастады (видео)

Алматыда қос келіншек полицейлерді сабап тастады (видео)

Расcказать Вконтакте

Әйелдер жол сақшыларының пагонын жұлып, беттерін тырнаған. Бағанаға соғылған мас жүргізушінің құжаттарын тексеруге барып едік, басымыз бәлеге қалды, -дейді зардап шегушілер.

if ( typeof video_ad_preroll != 'undefined' ) { video_ad_preroll_url = escape(escape(video_ad_preroll_url)); video_player = video_player.replace('prerolltpl', 'preroll=' + video_ad_preroll + '%26redirect=' + video_ad_preroll_url);}

if ( typeof video_ad_postroll != 'undefined' ) { video_ad_postroll_url = escape(escape(video_ad_postroll_url)); video_player = video_player.replace('postrolltpl', 'postroll=' + video_ad_postroll + '%26redirect=' + video_ad_postroll_url);}

document.write(video_player);

Оқиға түнде болған. Сағат төрт жарым шамасында сақшылар Медеу ауданында жүйіткіген "БМВ" көлігін байқайды. Көзді ашып жұмғанша темір тұлпар жол шетінде тұрған бағанаға екпінмен кеп соғылған. Көлік тізгініндегі ішімдікке сылқиып алған 31 жасар азамат сақшылардың сұрағына дөрекі жауап беріп, құжатын көрсетуден бас тартады. Сол арада жақын маңдағы үйден шыққан бір топ адам полицейлерге жұдырық ала жүгірген.

Жол сақшыларының пагонын жыртып, бетін тырнағандардың екеуі - келіншек. Полицейлер долданған әйелдерден қалай қорғанарымызды білмедік - дейді. Ал, ащы судың буымен бағанаға қағылған азамат өз кінәсін мойындар емес.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бағана орнында жазықсыз адам болса, оқиға мүлдем басқаша бағыт алар ма еді. Сақшыларға шабуыл жасағандар тиісті жазасын алады деп отыр құқық қорғау қызметкерлері.

Салтанат Әзірбек, Алматы қ. ІІД Баспасөз хатшысы:

- 321-баппен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары енді басталды. Кінәлілер дәлелденсе әрқайсысы 3 жылдан бас бостандықтарынан айырылады.

Қаламызда тәртіп сақшыларын пысқырмайтын бұзақылар көбейіп кетті деп дабыл қағуда пагон таққандар. Ал, полицейлерге шабуыл жасағандардың жазасы жеңіл болмайтыны айтпаса да түсінікті.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel