KZ
Ұйқыдағы адамдар немесе қытайлықтар қалай демалады (фото)

Ұйқыдағы адамдар немесе қытайлықтар қалай демалады (фото)

Расcказать Вконтакте

Қытай - қазір барынша ең дамыған ел болу үшін білек сыбана кіріскен ғажайып ел. Оның халқы күніз-түні тапжылмай еңбектенуге дайын.

Бірақ қанша жерден еңбекқор болсаң да, демалыс барша адамға қажет! Қытайлықтар мұндай жағдайда ешнәрсеге назар аудармастан ... қалың ұйқыға кетеді. (Суреттер daypic.ru сайтынан алынған).

Саяхатшы орындық пен қол жүгінің үстінде пойыздың келуін күтуде.

Базар саудагері Нанкиндегі көтерме баға базарында грейпфруттың үстінде ұйықтап жатыр.

Жұмысшы Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңындағы қызыл жардың қасында үш доңғалақты велосипедтің үстінде ұйқыға кетті.

Ел азаматы ескі көрпелерді қайта өңдеу зауытына апара жатыр, оның баласы Сянфань тиелген жүктің үстінде.

Жұмысшы құрылыс алаңында демалып жатыр.

Жұмысшылар қайта өңдеуге жарамды көмірді іздеп болғаннан кейін ұйықтап жатыр.

Жұмысшы Циндаодағы құрылыс алаңында арматура үстінде демалуда.

Қытай қарбыздарының сатушысы Хуайбэй базарында ұйықтап жатыр.

Шахтерлар Шаньси провинциясындағы көмір шахтасын су басқан жерде демалуда.

Бала Чунцин муниципалитетінің су басқан қаласындағы көшелердің бірінде ұйықтап жатыр.

Көше тазартатын жұмысшы ел солтүстігіндегі Харбин қаласының көшелерінің бірінде.

Жұмысшы қаздардың ортасында.

Жұмысшы-мигрант Бейжіңнің орталығында басына каска мен сусынды жастап жатып ұйқтап қалған.

Жұмысшы-мигранттардың балалары Аньхой провинциясындағы бастауыш мектептің сыныбында ұйықтап жатыр.

Жұмысшы-мигрант үш доңғалақты велосипедтің артқы орындығында ұйықтап жатыр, тордың арғы жағында - оның жұбайы мен баласы.

Жұмысшы құрылыс алаңындағы темір сым орамаларының ішінде ұйықтап жатыр.

Жұмыртқа сатушы өзінің тауарының қасында қалың ұйқыға шомып кетті.

Жұмысшы Хэфэйдегі цемент құбырының ішінде ұйықтап жатыр.

Жұмысшы қайта өңдеу орталығында үйілген пластик бөтелкелерінің үстінде демалуда.

Қытайлық оқушылар Шанхайдағы бастауыш метептің сыныбында үзіліс кезінде қалғып кетті.

Бейжіңдегі орындықтардың бірінде де демалыс ұйымдастыруға болады.

Қарбыз сатушысы Чанчжи базарында ұйықтап жатыр.

Жол салатын техниканың жүргізушы Бейжіңдегі құрылыс алаңдарының бірінде.

Бірінші курста оқитын студенттердің ата-аналары Ухандағы университеттік қалашықтың гимназиясында.

Асқабақтың сатушысы.

Ал мына азамат орамжапырақ сатумен шұғылданады.

Жұмысшы темір жол құрылысы нысандарының бірінде.

Ет сатушысы алғашқы сатып алушыларын күтуде.

Қайта өңдеуге арналған қалдықтарды жинайтын жұмысшы-мигранттар арбаларының үстінде демалыр жатыр.

Қызанақ сатушысы да демалуда.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel