KZ
Мақпал Жүнісова алдын-ала жариялап қойған концертін беруден бас тартты

Мақпал Жүнісова алдын-ала жариялап қойған концертін беруден бас тартты

Расcказать Вконтакте

Ел еркесі Мақпал Жүнісова назын айтады. 9 маусымға жоспарлаған концертін өткізе алмай қиналып отыр.

Еске сала кетсек, бар гәп — Республика сарайының залды жалдау құнын көтеріп жібергенінде. Әншінің айтуынша, Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Алайда, оған қол жеткізу үшін талай табалдырықты тоздыру керек екен.

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

- Халық әртістеріне бағаны төмендетуге болады егер әкімге кіріп хат жазып, әкімнің қабылдауына бару керек екен. Мен олай жасағым келмейді. Жалпы бұл сұрақты Үкіметте ме, Парламентте ме, шешу керек деп ойлаймын. Бұл өзімнің назым.

Осылай деп назын білдірген әнші, отандық өнерпаздарға жалдау құнын 1 млн теңге деп те белгілеуге болатынын айтады. Өйткені, қазақ әншілерінің шығармашылық кештеріндегі билет құны онсыз да қымбат емес.

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

- Жалдауға 3,5 млн теңге алатын болса, басқа мемлекеттен келіп жатқан әртістерден алса болады. Өйткені, олардың билет құны да 100 доллардан асады. Біздің билет құнымыз 2 мыңнан басталып 5 мың теңгеден аяқталады.

Республика сарайы басшылығының да өз айтары бар. Бұған дейін жалдау құны 1 млн теңге көлемінде болып келген. Алайда, жөндеу жұмыстарынан кейін бағаны көтеруге тура келген.

СЕРГЕЙ ИВАНОВ, "РЕСПУБЛИКА САРАЙЫ" ММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұрынғы жалдау құнына музыкалық қондырғылар, жарық сынды өзге де қажетті дүниелер енген жоқ. Сондықтан, оларды әртістер өздері басқа жерден жалдап, бізге 1 млн ғана төлейтін. Ал біз қазір шетелден соңғы үлгідегі қондырғыларды орнаттық. Сондықтан баға көтерілді.

Сарай басшылығының айтуынша, 3,5 млн теңге дәл сол халық әртістеріне арналған ең төменгі баға. Яғни, жеңілдік жасалған деп отыр. Ал Мақпал Жүнісова болса, "мұндай жеңілдікпен жуық арада шығармашылық кеш өткізе алмаймын",- дейді.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel