KZ
Серік Сейдуманов Алматының атауын неге өзгерткісі келетінін айтып ақталды (видео)

Серік Сейдуманов Алматының атауын неге өзгерткісі келетінін айтып ақталды (видео)

Расcказать Вконтакте

"Алматы қайтадан Алма-Ата болуы мүмкін. Әкімнің және менің көзқарасыма сәйкес, қала атының Алма-Ата болғаны әдемі жазылады, әдемі тасымалданады және жақсы естіледі. Конституцияны жазғанда оны дайындағандар ешкімнен сұрамай қазақша да, орысша да қаланың атын "Алматы" деп жіберген", деп Ата заңдағы "қателікті" түзетуге бейілді екенін паш еткен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов жұрт ішінде қызу талқыға түскен "Алма Ата"-сына орай 31 телеарнаға сұхбат беріпті.

- Қазір де, болашақта да Алматы қаласының аты - Алматы болып қалады. Қазақ тілді қалай, бұрын да Алматы болған, қазір де Алматы, болашақта да Алматы болып қалады деп ойлаймыз. Бірақта, бұрында совет уақытында біздің Алматы қаласының аты - Алма-Ата деген боп тұрған да, орыс тілінде Алма-Ата. Сондай транскрипция болған

. Қазір де шетелдіктерде ағылшын тілі ғой, білесіз ғой, көп мемлекеттерде дамыған, көп адамдар сөйлейді. Ол жерде де транскрипцияға қарасақ, о да Алма-Ата деген. Сол үшін заңды қабылдасын, сосын көреміз. Ондай ұсыныстар бұрында болған. Әлі мәслихат комиссияда қараймыз. Қандай шешім болады екен, оны ономастика комиссиясы шешеді.

Сол, солай, сондай болжамды кеше мен айтқанмын. Ол - болжам. Болады ма, болмайды ма - ол қаралады. Содан кейін барып, сондай шешім, қандай шешім қабылданса, соны сіздерге жеткіземіз.

- Мұны қала басшысы да қолдап отыр ғой ие?

- Ондай бар ғой, ол кісіде бір-екі рет журналистер сұраған. Осындай кездесулерде сұраған. Қалай қарайсыз, сіз сондай транскрипцияға - ағышлын тілді, орыс тілді Алма - Ата болып жазылса, бұрынғыдай. Ол кісі айтқан: "Қолдауға болатын шығар" дегендей, сондай пікірін бар ғой, білдірген.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel