KZ
Швейцарлық дәрігерлер сал ауруын емдеу тәсілдерін үйренді

Швейцарлық дәрігерлер сал ауруын емдеу тәсілдерін үйренді

Расcказать Вконтакте

Швейцарлық ғалымдар жұлын зақымдалуынан сал боп қалған егеуқұйрықтардың қозғалыс қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігіне қол жеткізгендерін мәлімдеді.

"Русская служба ВВС" хабарлағандай, тәжірибеге алынып отырған егеуқұйрықтардың омыртқалары химикаттар мен қимыл-қозғалыстың басталғаны жөнінде миға хабар жеткізетін белгілерге ұқсас электр импульстары негізінде ынталандырылды.

Бірнеше апта өткен соң егеуқұйрықтар қимыл-қозғалысқа келіп, тіпті шоколад қойылған тұзаққа жүгіріп жететін болды, әрине, әзірше мұның бәрі арнайы белбеулердің көмегімен іске асырылды.

Енді ғалымдар омыртқа зақымдану салдарынан сал боп қалған науқастарды емдеуде де химио- және электротерапия тәсілдерін қолдану керек деп есептеп отыр.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel