KZ
"Эйр Астана" халықаралық рейстердің әуе билеттеріне қосымша алым енгізеді

"Эйр Астана" халықаралық рейстердің әуе билеттеріне қосымша алым енгізеді

Расcказать Вконтакте

"Эйр Астана" 1 маусымнан бастап билет сататын кеңселер мен әуе агенттіктерінде халықаралық бағыттарға берілетін әуе билеттеріне сервистік алым енгізеді.

BNews.kz агенттігі хабарлағандай, аталмыш алым әуе тасымалдаушысы рейс жасайтын барлық халықаралық бағыттарға жарияланған тарифтерге қосымша алынатын болады.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, сервистік алымның мөлшері ұшатын бағыттың алыстығы мен брондау санатына қарай 1 мен 11 мың теңге аралығын құрамақ. Ішкі рейстерге сервистік алым алынбайды.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап Қазақстанның туристік агенттіктері "Эйр Астананың" халықаралық бағыттарға сататын билеттерін рәсімдегені үшін сервистік алым сомасын өз бетімен белгілеп отыратын болады.

Оның мөлшері Әуе компаниясының билеттерін сататын орындарда белгіленген алым сомасынан басқа болуы мүмкін. Айта кетейік, ғаламторға қолжетімділігі бар адамдар билеттерді әуе компаниясының сайтынан өз бетімен сатып ала алады. Ол үшін сервистік алым төленбейді. Жолаушыларға қолайлы болуы үшін 1 маусымнан бастап саяхатқа баруды брондауға өзгертулер енгізілуі мүмкін, әуе билеттерін online тәртіпте кері қайтаруға болады.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel