KZ
"Ұлытау" Грэммиден дәмелі

"Ұлытау" Грэммиден дәмелі

Расcказать Вконтакте

"Ұлытау" тобы Грэмми сыйлығын иеленуді мақсат тұтуда. Бұл туралы Астанада өткен журналистермен кездесу барысында "Ұлытау" тобының продюсері Қыдырәлі Болманов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Топ қазір жаңа альбом жазу үстінде. Сондай-ақ биыл Оңтүстік Кореяда, одан кейін Түркияда біраз концерттер өткізу жоспарда бар", - деген Қ.Болманов "Ұлытау" тобының биылғы жылғы жоспарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ ол таптың алға қойған басты мақсатымен де бөлісті.

"Енді қазір екі-үш агентпен байланысып, Грэммимен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы арманымыз, басты мақсаттарымыздың бірі – "Ұлытаумен" Грэмми сыйлығына қол жеткізу", - деді топ продюсері Қыдырәлі Болманов.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel