KZ
Алматыда "Ретро-айтыс" өтеді

Алматыда "Ретро-айтыс" өтеді

Расcказать Вконтакте

Маусымның 2-і күні Алматыдағы Республика сарайында "Ретро-айтыс" деген атпен өтетін ақындар айтысына 1980 жылдары айтысқан ақындар қатысады, - деп хабарлады айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерман Азаттық радиосының тілшісіне.

– Айтыскерлердің арасында үш халық ақыны бар. Олар: Қонысбай Әбіл, Әселхан Қалыбекова және Әсия Беркенова. Бұл айтысқа осы үш ақыннан басқа, Қарағандыдан Қуаныш Мақсұтов, Өскеменнен Абаш Кәкенов, Алматы облысынан Есенқұл Жақып шақырылып отыр, - деген Жүрсін Ерман қазіргі айтыс сахнасында жүрген бірнеше айтыскер де сахнаға шығатынын айтты. Жүрсін Ерман айтыстың бас демеушісі әдеттегідей "Алтын қыран" компаниясы екендігін ескертті.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel