KZ
Ресей қазақ жеріндегі ашаршылық геноциді үшін кешірім сұрауы қажет

Ресей қазақ жеріндегі ашаршылық геноциді үшін кешірім сұрауы қажет

Расcказать Вконтакте

Қазақтың зиялы қауымы ашаршылық нәубеті мен репрессияны қолдан ұйымдастырған Сталин үшін, Кеңестер одағының бүгінгі мұрагері Ресей бізден кешірім сұрасын дейді. Грузия мен Украина бұл мәселені халықаралық деңгейге көтеріп отырғанда, халқының тең жартысынан айырылған Қазақстан үнсіз қалуға тиіс емес дейді олар.

Астанада ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш ашылғанымен, "бұл жерде ескерткіш орнатылады" деген белгі Алматыда сол күйі тұр. Ұлт тарихын парақтасақ, патшалық Ресейге бағынғалы қазақтын көргені қорлық пен зорлық. Осыдан 80 жыл бұрын "Аша тұяқ қалмасын асыра сілтеу болмасын" атанған нәубет жылдарында қазақтың тең жартысы аштан өлді.

Халқын ашаршылықтан аман алып қалсам деп жан ұшырған Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының көзін жойды кейіннен. Басын көтергеннің басын алды. Сондықтан 1932 жылғы аштықты саяси қуғын-сүргіндерден бөліп қарауға болмайды дейді қоғам өкілдері.

ЖҰМАБЕК АШУҰЛЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жалпы саяси репрессия туралы айта келіп мына аштық туралы екінші планға қалдырып келе жатырмыз. Ал, негізі халқымыздың басына түскен сол кездегі кеңес үкіметі аталатын үлкен мемлекетте Украинада басқа елдерде болған аштық ең қиын соққан қазақтарға. Бұның бәрінің астарында негізі саясат жатыр.

Қоғам кайраткерлері, ұлтымызға қиянат келтіргені үшін кешегі қызыл империяның мұрагері бүгінгі Ресей бізден кешірім сұрауы керек дейді. Ашаршылық Украина халқын зобалаңға салғанда ол елдегі қоғамдық белсенділермен қатар, ел президенті де Ресей бізден кешірім сұрасын деп талап қойған еді. Біздегі тәуелсіз дейтін елдің тәуелді парламенті саяси баға беруде әлі жалтақтап келеді деп қынжылады.

БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ТАРИХИ АҒАРТУ ҚОҒАМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Күні бүгінге дейін аштыққа саяси баға берілген жоқ. Украина берді білесіздер. Кінәліні де атады.Сталиннен бастап. Біз әлі оған барған жоқпыз. Бұл біздің партиялардың да кінәсі. Біздің жетекші партиямыз отыр. Осындай халықтық мәселелерге үн қатпау оны ақтауға болмайтын нәрсе. Бұны баяғыда парламент істейтін нәрсе.

ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ, "БОЛАШАҚ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Не үшін мойындамаймыз түсінбеймін мен. Бұл ешқандай саяси дүние емес. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Сондықтан мемлекет осыған қатысты қашан жүйелі түрде қадамдар қабылдай бастайды. Жастар оп-оңай сіңіріп алады. Жастарда тұрған ештеңе жоқ бұл жерде.

Бүгінгі азат елдің ұланы қазақтың өткеніне саналы түрде салауат айтса игі. Өйткені Аштық, нәубет, қазақтың қабырғасын қайыстырған қасірет пен қайғы. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel