KZ
Мемлекеттік қызметкерлер несиелерін төлеуден жалтарып жүр
Новости Финансы

Мемлекеттік қызметкерлер несиелерін төлеуден жалтарып жүр

Расказать Вконтакте

Мемлекеттік қызметкерлер несиелерін төлеуден жалтарып жүр! Осындай мәлімдемені коллекторлық компаниялардың басшылары жасады. Олардың айтуынша, ақшалары бола тұра несиелерін өтеуден қашатындардың көбі полиция, құзырлы органдарда жұмыс істейтін тұлғалар, ұстаздар мен әскери қызметкерлер.

Қиын кезде қолқабыс бола қалып, үйлі, көлікті болдыртатын, кейін он есе қаражат суырып алатын несиеге алдыңғы аптада Нұрсұлтан Назарбаев осындай балама берген еді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

- Сладкие легкие кредиты являются ловушкой, и перестать надо жить в долг и на кредиты.

- Дәл қазіргі кезде менің ойымша, несиесіз өмір сүру мүмкін емес.

Ал, бұл Алматыдағы коллекторлық агенттіктердің бірін басқарып отырған директордың пікірі. Жадыра Әбдиеваның сөзінше, несиелік жүйе дамып отырған бұл заманда несиесіз өмір сүру мумкін емес. Алайда, несиені алуын алып, оны қайтара алмай жүргендердің қарасы көп деп отыр ол. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер қарыздарын өтеуден бірінші болып жалтарып жүр дейді.

ЖАДЫРА ӘБДИЕВА, "CREDIT RETURNING COMPANY" ЖШС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мектеп қызметкерлері, әкімшілік қызметкерлері бар. Керек десеңіз әскери ұйымда істейтін қызметкерлер несие алған. Гаи қызметкерлері де бар.

Аталмыш коллекторлық компанияның сөзінше, несиені ең көп алатын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Ал, банкке қарыздары аз, Солтүстік Қазақстанда тұратын азаматтар. Несиені алудың үш маңызды себебі бар екен.

Бүгінгі таңда несиені көп жағдайда дүркіретіп той өткізуге, одан кейін студент балаларының оқуын төлеуге, одан әрі баспаналы, көлікті болуы үшін алады екен жұртшылық. Ал, тұрғындардың көпшілігі несиесіз өмір сүру қиын, алайда, онсыз жақсы деген пікірде.

Мамандардың сөзінше, бүгінгі таңда отандастарымыздың шамамен 85-90 пайызында несие бар. Ал, мемлекетіміздің берешегі 124 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Бұл Қазақстанда дүниеге келген әр сәби 7770 доллар қарызбен туылады деген сөз.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии