KZ

Жұптардың 17 пайызға жуығы бедеулікке шалдыққан

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Елімізде отбасы құрған жұптардың 17 пайызға жуығы бедеулікке шалдыққан, деп хабарлайды 31 арна. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жылына 160 мың неке қиылып, оның 20 мыңына бала сүю бақыты бұйырмайды екен.

Туа біткен хромосомдық аурулар, аналық безіндегі қабынулар, бірнеше рет қасақана түсік тастау, екі түтіктің болмауы - медицина мамандары бедеуліктің басты себептері ретінде осыларды атайды. Сонымен қатар, мықынға түскен Jeans-ы киімдеріне әуес, белдерін ашық тастап, кіндіктеріне суық тигізіп алған қыздардың да балалы болуы қиын дейді дәрігерлер. Ал, ең бастысы жас қыздардың бедеулікке ұшырауына аналары жауапты.

ЕРКЕТАЙ СЕКСЕНҚЫЗЫ, ГИНЕКОЛОГ:

- Ең бірінші міндет қыздың анасына жүктеледі. Қыз 13 жасқа дейін анасы қалай дамып отыр, соны бақылау керек. Одан кейін жыныстық белгілері қалай пайда болды. Яғни қандай да бір ұнамайтын жағдай болғанда міндетті түрде дәрігерге бару керек.

Ал, жастар бедеулікті тек қыздардан емес, ер азаматтардан да іздеу керек деген пікірде. Себебі күн ұзақ қозғалмай теледидардың алдында жатып, фаст- фуд сияқты құрғақ тағамдар жейтін ер азаматтардың көбі белсіздікке шалдыққан.

САЛТАНАТ ШӘУКЕБАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МАГИСТРАНТЫ:

- Тек қана әйел бедеулігін емес, ер адамдардың да бедеулігін қарастыру керек. Ер азамат әрқашанда саумын мен кереметпін, мен еркекпін яғни жаңағы дәрігердің  алдына барып тексерілуге намыстанады.

Ал, алыс ауылдарда тұратын келіншектер гинекология саласындағы жаңа жүйеден гөрі, әулиелердің басына түнеп, халық емшілеріне жүгінеді. Олар құмалақ салып, тасбиық тартып бедеуліктен әп-сәтте құлан таза айықтырып жіберемін дегендерге илануда.

ШАЙЗАДА ӘБУОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Жастар көп, көтермей жүргендер көп. Алды жеті-сегіз жыл көтеріп жатқан адамдар бар, бізден ...Көбінесе біздің пайдаланатынымыз, қасиетті сулар бар, соған суға түседі. Сосын осы жерден алтын ине салып, массаж жасап, сол арқылы көтеріп жатыр көп кісілер. Сосын бізде шөп дәрілер бар, жақсы көтертетін.

Гинеколог дәрігерлердің пайымдауынша, туабітті бедеу әйелдер жоққа тән. Бірақ, жастайынан денсаулығына дұрыс күтім жасамай, аяғынан, белінен өткен суықтың кесірінен түрлі ауруларға шалдығады, болмаса жыныстық жолмен жұғатын түрлі инфекциялық дерттердің залалы көп.

Осылайша, жастайынан өмірге келгендегі басты парызы Ана атану екенін ұмытқан, болмаса жете мән бермеген қыз бала, тек суррогаттық аналардың көмегіне жүгінуге немесе бала асырауға мәжбүр болады.

Новости Казахстана
Жұптардың 17 пайызға жуығы бедеулікке шалдыққан
Mailfire view pixel