KZ
Қазақстанда қолжетімді баспананың бағасы 50 мың теңгеден аспайды
Новости Финансы

Қазақстанда қолжетімді баспананың бағасы 50 мың теңгеден аспайды

Расказать Вконтакте

Бұл жөнінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Серік Нокин жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Біз құрылысшыларға айтып отырмыз, "Қолжетімді баспана" деген ол әр адамның төлеу ақысы айына 50 мың теңгеден аспауы керек, жастарға одан да төмен болуы тиіс", - деді С.Нокин. Оның айтуынша, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының басым бағыттарының бірі – тұрғын үйдің орташа айлық төлемін 50 мың теңге көлеміне жеткізу.

"Пәтерлердің көлемі үлкен болмауы керек. Бір бөлмелі - 35, ал енді үш бөлмелі пәтер - 65 шаршы метрден аспауы керек. Осындай нақты өлшемдерді таныстырып жатырмыз құрылысшыларға", - деп қосты Серік Нокин.

Сонымен қатар, агенттік төрағасы бағдарламаның негізгі бағыты ретінде баспананың бір шаршы метрінің бағасын 80 мың мен 100 мың теңге аралығында белгілеу мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Қолжетімді баспана" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында қолданысқа 63 млн. шаршы метр жаңа баспана қолданысқа беріліп, 1 млн-ға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады", - деді С.Нокин.

Сонымен қатар, ішкі нарықта отандық өндірушілердің құрылыс материалдарын қолдануды 65-тен 90%-ға дейін арттыру көзделген.

"Қазіргі таңда отандық 60%-дай өзіміздің материалдарымызды шығарамыз. Осы бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға дейін 90% шығаруымыз қажет деп жобалап жатырмыз. "Қолжетімді баспана" үйлерін салуға тек қазақстандық құрылысшыларды тарту ойымызда бар", - деді Серік Нокин журналисттерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ведомство басшысы 2014 жылдан бастап кезекте тұрған адамдарға жалға берілетін баспана құрылысын жылына 275 мың шаршы метрге немесе 4500 пәтерге дейін жеткізу жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті. 

Республикалық бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдар баспана алуға кезекте тұрған ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, бюджеттік ұйымдар, әскери және мемлкеттік қызметкерлерге, жалғыз баспанасы апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға арнап тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруы тиіс. Бұл ретте салынатын баспана жайлылығы жағынан 4-санатта болады, яғни 35-тен (бір бөлмелі пәтер – агеттік түзетуі) 73 шаршы метрге дейін, бір шаршы метрі үшін құны 80 мың теңге болады", - деді С.Нокин.

Оның айтуынша, аталмыш бағыттың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылы қаржыландырылу көлемі 10 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін арттырылған.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии