Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үздік қазақ романдары аталды

Опубликовано:

"Abai kz" сайты қазақтың ең үздік романдарының рейтингін жариялады. Оқырмандар арасына сауал тастап, солардың пікірлері негізінде жасалған тізімнің көш басында Әуезовтің "Абай жолы" романы тұр.

Бір қызығы, ондыққа іліккен романдардың ішінде соңғы уақытта жазылған шығарма жоқ. Ал, әдебиетшілер бұл құбылысты қазіргі кітап құнының түсуімен байланыстырады. Қазақтың ең үздік әңгіме, повесть, романдары қайсы? Халық кімдерді көп оқиды? 

Ең көп дауыс алған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы. Сондай-ақ, Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпанын", Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер трилогиясын", Мұхтар Мағауиннің "Алласапыранын" Әбдіжәміл Нүрпейісовтың "Қан мен терін" атап көрсеткен көбісі. Үздіктердің ондығын Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақ білегі", Сәбит Мұқановтың "Өмір мектебі", Қажықұмар Шабданұлының "Қылмыс" романы аяқтап тұр. Сауалнамаға екі жарым мыңдай адам қатысқан.

ӨМІРЖАН ІБДІХАЛЫҚҰЛЫ, "ABAI KZ" САЙТЫНЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:

-"Абай кз" сайтынын ұжымы өз тараптарынан талқыға қатысқан жоқ. Біз өзіміздің тізімімізді ұсынған жоқпыз. Тек оқырмандардың ұсынған ең үздік шығармаларын жанрға бөліп тізімдеп беріп отырмыз.

Әдеби сыншы Қанат Әбілқайыр тізімге бүгінгі жазушылардың шығармаларының қосылмауы кітап құнының түскенін білдіреді. Насихат жоқ. Ескілердің ғана еске түсетіні де содан дейді.

ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫР, ӘДЕБИ СЫНШЫ:

- Жүсіпбек Қорғасбек, Дидахмет Әшімхан, Алтай Асқарлардың бүгінде не жазып жатқанын білмейді көпшілік. Бұл насихаттың жоқтығынан. Сол баяғы ескі сүреге түсіп аламыз. 

Мүмкін жастар бұдан кейін өзге де қаламгерлердің таңдамалы туындыларымен танысатын болар. Рухани азығымызды жоғалтып алмасақ болды. Мақсат Толықбай, Думан Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/218354-yzdik-kazak-romandary-ataldy/

pixel