KZ

Алматы облысының шаруалары апорт өсіруді қолға алды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматы облысындағы шаруалар алма бақтар алқабын кеңейтіп, апорт өсіруді қолға ала бастады. Бұл игі бастаманы қолдағандарға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Бұл бағдарлама 2016 жылға дейін жалғасады.

Соған дейін 1000 гектарга апорт отырғызу жоспарланған. Қазір Талғар, Еңбекші қазақ аудандарында жүздеген гектар жерге жас көшеттер отырғызылып, бау-бақшалар баптала бастады. Демек, болашақта аңызға айналған Алматы апорты әр үйдегі дастарханның сәнін келтіріп тұрмақ.

Шелек ауданында ат шаптырым аңызақ алқап енді он жылдан кейін жайқалған жасыл алма баққа айналады. Бүгінде 35 гектар жерге түрлі-түрлі алма ағаштары отырғызылған. Оның 11 гектарына аты аңызға айналған Алматы апорты егіліпті. Үш мыңға тарта жас көшеттер енді жеті жылдан кейін жеміс береді деп күтілуде.

Алайда аңқыған иісі аңқаңды жарып, дәмі тіл үйіретін қызыл апорт алу үшін жаңа егілген жас көшеттерге ерекше күтім керек. Ахумдор Әлиев осы салада отыз жыл тер төккен шаруа, бау-бақша баптаудың қыр сырын да толық меңгерген. Сондықтан биыл мемлекеттің қолдауымен, аты аңызға айналған Алматы апортын өсіруді қолға алды.

АХУМДОР ӘЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Апорт ағашының әр гектары үшін мемлекет бізге алғашқы жылы 570 мың теңгеден ақша береді. Ал одан кейін жеті жыл бойы сол бақшаны күтіп-баптауға кететін шығынды өтеп бермек. Себебі мемлекет қол ұшын созбаса, ешкім апорт өсіруді қайта қолға алмас еді.

Шаруаның сөзінде шындық бар. Себебі апорт тек 7-8 жылдан кейін ғана жеміс береді. Сондықтан көптеген кәсіпкерлер ұзақ күттіретін бұл салаға қаржы салуға құлықсыз. Оның орнына жылдам жеміс беретін көшеттер отырғызып, тезірек табыс табуды көздейді. Осының салдарынан Алматы апорты жойылып кетті, — дейді шаруалар.

Қазір көптеген шаруалар алдын ала ақшасын төлеп, келесі жылға көшет алуға тапсырыс беріп жатыр. Яғни апортты қайта жаңғырту жан-жақты жүргізілуде. Алайда осы ерен еңбектің жемісін жергілікті жұрт тек он жылдан кейін көретін болады.

Оған дейін алма бақтардың көлемін одан ары арттыру керек,- дейді мамандар. Себебі Алматы халқы бір тәулікте шамамен отыз тонна алма жейді екен. Сондықтан ішкі сұранысты толық қамтамсыз ету үшін кемінде 3-4 миллион түп көшет отырғызу керек.

Новости Казахстана
Алматы облысының шаруалары апорт өсіруді қолға алды
Mailfire view pixel