KZ

Ерлерге де омырауды күте білу керек

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Омырау қатерлі ісігі әйелдерден гөрі ерлерге қауіпті. Америкалық сарапшылар бұл дерттен ер адамдардың көп көз жұматынын анықтады.

The Toronto Sun басылымының хабар­лауынша, мамандар 13 000 ер адамның мә­ліметін 1998-2007 жылдары Қатерлі ісік мәліметтерінің Америка ұлттық базасына енген 1 440 000 адамның ауру тарихымен салыстыра талдау жүргізген. Соның нәти­жесінде бұл кеселден әйелдердің 83%-ының, ерлердің 74%-ының жазылып шы­ғатыны белгілі болды. Қайтыс болған ерлер диагноз қойылғаннан кейін сегіз жылдай өмір сүрсе, әйелдер 10 жылдан артық өмір сүрген.

Зерттеу тобының жетекшісі Джон Грейфтің айтуынша, бұған әйелдердің омырау қатерлі ісігінің алдын алуды білуі себеп. Ал ерлер өздеріне обырдың мұндай түрінен қауіп барын ойлай бермейді. Ерлер арасындағы омырау қатерлі ісігіне тұқымқуалаушылық, радиация, шылым мен артық салмақ себеп болуы мүмкін.

Новости Казахстана
Ерлерге де омырауды күте білу керек
Mailfire view pixel