KZ

Чилидегі мәрмәр үңгір (фото)

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Патагониядағы Lago Carrera тау тізбегінің баурайынан көлдің табылғандығына көп бола қойған жоқ. Бірақ көптеген адамдар осы жерге арнайы саяхаттап келуді армандап жүр.

Көпшіліктің бұл жерге ынтызар болуының тағы бір себебі осы жерде мәрмәр тастан құралған үңгір орналасқан. Бұл жерді жергілікті халық Las cavernas de marmol деп атайды.

Lago Carrera тау тізбегі Аргентина мен Чилидің шекарасында орналасқан. Бірақ біз сөз қылғалы отырған мәрмәр үңгір Чили мемлекетінің иелігінде.

Үңгір негізінен минералды түзілістерден құралған. Нақты айтқанда, кальций карбонатынан.

Чилидің бұл Айсен аймағында ауа-райы әрқашан жақсы. Сондықтан туристерге осы жерге жыл он екі ай қонақ болып келуіне болады.

Ғалымдардың айтуынша Las cavernas de marmol 5 500 миллион тонна қызғылт және көгілдір мәрмәр тастан құралған.

Осы түстер үңгірге ерекше мистикалық әсер беріп тұрады.

Жергілікті үкімет болашақта бұл жерге веб-камералар орнатуды жоспарлап отыр екен.

Осылай жер планетасының кез келген жерінен табиғат ананың бұл сыйын бақылап, көре беруге болатындай жағдай жасалады.

Үңгірдің өне бойын су шайып тұр. Сондықтан бұл табиғат ғажайыбын барынша тамашалағысы келген адамға моторлы қайықтың көмегіне жүгінуге тура келеді.

Новости Казахстана
Чилидегі мәрмәр үңгір (фото)
Mailfire view pixel