KZ

Тайландтағы аспалы мейрамхана (фото)

Расcказать Вконтакте

Тай елінде ағашқа ілмелі мейрамхана өз есіктерін айқара ашты. Мейрамхана Soneva Kiri курорттық ауданда ағаштың төбесінде орналасқан және сырт көзге құстың ұясы іспеттес көрінеді.

Мейрамханаға көтерілу үшін қонақтар былғары теріден жасалған тартпаларға отырып, 6,5 метрлік биіктіктен қонақтар үшін мейрамхана маңындағы жағажай бар көркінде ашылады. Ерекше мейрамханада қызмет етушілер де қатаң іріктеуден өтіп, оның барысында олардың акробатикалық қасиеттері сыналады. Себебі бұтақтар арасында ас салынған табақтармен жүріп өту - оңай шаруа емес. (Суреттер daypic.ru сайтынан алынған).

Мейрамхананың ас мәзіріндегі барлық тағамдар аралда өсірілген табиғи таза азық-түліктен дайындалған.

Мейрамхана иелері өнімдерінің экологиялық таза болуы принципін тек ас дайындауда ғана емес, сонымен қатар мейрамхананың интерьерінде де ұстануға тырысады. Қонақтарды "ұяларға" тасымалдау үшін де экологиялық таза тартпалар пайдаланылады. Мұнда пластмасса мен металлға тыйым салынған.

Soneva Kiri шипажайында демалудың бағасы тәулігіне екі адам үшін 950 доллардан басталады.

Бұл сомаға мейрамханада тамақтану, алкоголь сусындары, Wi-Fi және кір жуу бөлмесінің қызметтері кіреді.

Новости Казахстана
Тайландтағы аспалы мейрамхана (фото)
Mailfire view pixel