KZ

"Мың бала" 2012 жылдың отандық кино әлеміндегі басты оқиға болмақ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Отандық кино әлеміне "Рэкетир", "Адасқандар", "Ликвидатор" фильмімен танымал режиссер Ақан Сатаевтың "Мың бала" картинасы жол ашуда. Тарихи туынды қазақ киносының соңғы он жылындағы ірі жобасы деп танылады.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жарияланды. "Киноны тамашалаған көрермен жоңғар шабуылын бастан өткергендей болады", -дейді режиссер. Оқиға желісі әйгілі "Аңырақай" шайқасын көрсетеді.

Басты кейіпкер Сартайдың жасы 15-те. Бір адым жерін жоңғарлардан сақтап қалу үшін мыңдаған жеткіншектен жасақ құрып, атын "Мың бала" деп қояды. Кейіннен жас жауынгерлер Әбілхайыр хан бастаған үлкен әскери жасаққа енеді. Басты кейіпкерлер жас балалар.

Кішкентайынан ата-анасыз қалған. Бірақ кейіннен өздері ұйымдасып, жоңғарларға қарсы шайқасқа шығады. Актерларды таңдау барлық аймақтарда жүргізілген. Оған 15-16 жастағы бірнеше мың жасөспірім қатысты. Түсірілім Қапал арасан, Қапшағай, Шарын шатқалы, Алматыдағы тау бөктері сияқты табиғаты сұлу елді мекендерде өтті. Қоюшы -оператор - Хасан Қыдырәлиев, сценариін жазған Жайық Сыздықов пен Мұхаммед Мамырбаев.

Айта кетерлігі, сценаридің 10-ға жуық жобасы болған. Оны жазуға шет елдік мамандар да ат салысыпты. Жалпы туындыны жасауға 14 елден келген кино өндірісінің мамандары еңбек етті. Фильм Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналады, қазақ халқының азаттық үшін күресіп, қанша қиындықтарға төзіп, ұлан байтақ жерімізді, тілімізді, ділімізді қалай сақтап қалғандығы-фильмнің өн бойының лейтмотиві іспетті. Ал шайқасқа қатысқан "мың баланың" көрсеткен ерлігі мен еңбегінің өзі бірнеше фильмге тұрарлық.

Новости Казахстана
"Мың бала" 2012 жылдың отандық кино әлеміндегі басты оқиға болмақ
Mailfire view pixel