KZ

Қарағандыда орыс қызы ислам дінін қабылдап, Айша атанды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

ҚМДБ сайтында хабарланғанындай, Қарағанды облыстық орталық мешітіне Елена есімді орыс қызы келіп өзінің Ислам дінін қабылдағысы келетінін айтқан.

Еленаға мешіттің наиб имамы Жандос Нығыман Ислам сөзінің мағынасын, әр сәбидің дүние есігін ашқанда мұсылман болып туатынын түсіндіріпті. Сонымен қатар имам мұсылман баласы барлық пайғамбарларды мойындап, Алла Тағаладан келген қасиетті кітаптардың баршасына иман келтіретінін де тілге тиек етіп өткен.

"Өкінішке қарай Құраннан басқа қасиетті жазбалар өзінің бастапқы бағытынан өзгертіліп кеткендіктен, Алланың разылығын іздеген пенде өзгермеген қасиетті Кітап Құраннан екі дүние бақытын табатынын жеткізді. Ислам деген тек бес уақыт намаз оқып, жылына бір ай ораза ұстаумен шектелмейтінін, әр мұсылманның әр ісі Жаратушының разылығына жеткізетін деңгейде жасалуы үшін тынымсыз ізденіс пен даму үстінде болуы қажет екенін ескертті. Әрі өз жұмысын жақсы атқару, отбасын құрып, бала тәрбиелеу, көрші-қолаңмен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынаста болу – бұлардың барлығы Ислам дінін ұстанған әр адамның өмір бойы атқаратын амалдары болуы тиіс екенін түсіндірді. Құран Кәрімнің орыс тіліндегі нұсқасын алған Елена Алла үйінен бақытты болып қайтты" деп жазады сайт.

Новости Казахстана
Қарағандыда орыс қызы ислам дінін қабылдап, Айша атанды
Mailfire view pixel