Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең танымал мүсіндер (фото)

Опубликовано:

Әрбір елде миллиондаған туристердің назарын аудартатын көне және замануи ескерткіштер бар. Олардың ең үздігін назарларыңызға ұсынамыз. (Фотосуреттер bigpіcture.ru сайтынан алынған).

 

Пасха аралы. Мұнда адамдар көп мекендемейді. Аралда моаи атты үлкен тас мүсіндер көп орналасқан. Кейбір теорияларға сәйкес, олар тайпалардың көсемдеріне көрсетілген құрмет ретінде қойылған. 

 

Иса пайғамбарға қойылған ескерткіштердің ең танымалы Рио-де-Жанейрода орналасқан. Қазір Рионың символына айналған арт-деко стиліндегі мүсін 1922-1931 жж. аралығында салынған. 

 

Копенгагенге ат басын тіресеңіз, міндетті түрде "Су перісі" ескерткішіне жол тартыңыз. Бұл шағын ғана мүсінге 1909 жылы "Carlsberg" компаниясының негізін қалаған адамның баласы - Карл Якобсен тапсырыс берген. Бұған өзі тамашалаған аттас балет қойылымы түрткі болыпты. 

 

Будданың мүсіндерін көптеген елден кездестіруге болады. Алайда ең үлкені Қытайда, Сычуань провинциясының оңтүстігінде орналасқан. Ол таудың ортасынан ойылыған. Бір ғасырға жуық жасалған мүсін тек 713 жылға қарай дайын болды. Мүсін авторлары таудың маңындағы тулаған суларды Будданың кейпі тыныштандырады деп үміттенген. 

 

Гизадағы әйгілі Сфинкс осыдан 5000 жыл бұрын салынған деп есептеледі. Бұл - әлемдегі көне және ең ірі ескерткіштердің бірі. Оның қандай мақсатта және кім үшін қойылғаны әлі күнге дейін жұмбақ.

 

Авраам Линкольннің тас мүсіні Вашингтондағы Линкольн мемориалына келушілерге бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, оның қолдарының қимылы ым-ишара тілінде осы америкалық президенттің есімінің алғашқы әріптерін білдіреді. Ескерткішті қойған мүсінші Дэниель Честердің керең-мылқау баласы болған деседі.

 

Адмирал Горацио Нельсонға қойылған мүсін төрт арыстанның қоршауында Лондондағы Трафальгар алаңынан қарап тұрғанына, міне, 150 жылдан асты. Гитлер Ұлыбританияны жаулап алған жағдайда мүсінді Берлинге алып кеткісі келіпті-міс.  

 

Будданың қоладан құйылған бұл мүсіні Жапонияда, Камакурадағы Котоку-ин храмында қойылған. Ол 13 ғасырда жасалып, оның салмағы 93 тоннаға жетеді. Бірақ мүсінің ортасы - қуыс, келіп-кетушілер оның ішіне емін-еркін кіре алады. 

 

Брюссельге аяқ бассаңыз, дәрет сындырып тұрған баланың мүсініне назар аударыңыз. Бұл - Брюссельдің символы іспеттес, екінші атауы - Пис манекені. Тұрғындардың айтуынша, гримберген соғысындағы оқиғаларға ескерткіш ретінде қойылған. 

Непалдағы Бхактапур және Каврепаланкок аудандарының шегарасында орналасқан Шиваның ең үлкен мүсіні. Құрылысы бірнеше жыл бұрын аяқталған. Мүсін мыс, цинк, мырыш, цемент және болаттан құйылған.  

Бұл галереядағы көптеген мүсіндер сияқты Микеланджелоның қаһарманы – Давид – сыртта тұруы тиіс еді. 

Бұл мүсінді әлемдегі ең ұсқынсыз мүсіндердің бірі деп те атаған болатын, алайда оны бәрібір Мәскеуде тамашалуға болады. Ұлы Петрға қойылған ескерткіш 1997 жылы орнатылған.

Күн сайын жүз мыңдаған адам Огюст Роденнің "Ойшылының" кезекті нұсқасын көруге келеді. Мүсіннің түпнұсқасы Париждегі Роден мұражайына қойылған. 

128 метрлік Қытайдағы Будда мүсіні әлемдегі ең биік мүсін болып саналады. Құрылысы 2002 жылы аяқталған мүсін буддистік шіркеудің төбесіне орнатылған.    

Париждік Луврда ежелгі грекиялық махаббат пен сұлулықтың жебеушісі - атақты Венера Милосская қойылған. 

Францияның АҚШ-қа тартқан сыйы - Бостандық мүсіні 1886 жылдан бері өзінің тұтанған шырағын Нью-Йорктің үстінде ұстап тұр. Бастапқыда мүсіннің түсі қоланыкы іспеттес болған. Уақыт өте келе мүсіннің түсі өзгерді. 

Моңғолия астанасы - Ұлан Батырдағы Шыңғысханның орасан зор мүсіні байқаусыз қалмайды. Қала қонақтары аттың жалына дейін көтеріле алады: ол жерден қаланың ерекше көркі ашылады.

Римнің ең танымал мүсіндерінің бірі  –  Марк Аврелиийге қойылған қола ескерткіш. Капитолий алаңында жүздеген жылдар бойы тұрған мүсін итальяндық номиналы 0,50 евро тиынның екінші бетінде бейнеленген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/214956-elemdegi-en-tanymal-mysinder-foto/

pixel