KZ

Қазақстандықтардың тапқан-таянғандары азық-түліктен артылмайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстандықтардың басым бөлігі жалақыларын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Бұл туралы NUR.KZ интернет-порталы оқырмандар арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесінде белгілі болды.

Азық-түлік қамына отандастарымыздың 27%-ы нәпақаларын сарп етсе, 18,4%-ы баспаналы болу үшін алған несиелерін жабуда. Халықтың 16,9%-ын осы баспана мәселесі алаңдатады, бірақ олар жалақыларының басым бөлігін пәтер жалдауға жұмсайды екен. Тұрғындардың 6,9%-ға жуығы тапқан-таянғандарын коммуналдық төлемақыларды өтеу үшін жаратады.

Сұралғандардың 5,2%-ы жалақыларын көбіне жинақ шотқа салып қойса, тағы да осыншамасы маңдай тері ақыларын киім-кешекке жұмсайтын көрінеді.

Респонденттердің 5%-ы жалақысын білім алу мақсатында, 4,9%-ы бала тәрбиесіне, ал 3%-ы ойын-сауық пен саяхатқа арнайды. Той десе ішкен асын жерге қоятын халықтың 1,8%-ы той-домалақтан қалмай, нәпақаларын осы мақсатқа аямайды. Сауалнамаға қатысқандардың 6,5%-ы қаржысын басқа мақсаттарға жұмсайтынын көрсетті.

 

Новости Казахстана
Қазақстандықтардың тапқан-таянғандары азық-түліктен артылмайды
Mailfire view pixel