KZ

Қырғыздар той ережесі мен қалыңдықтың бағасын бекітті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қырғыздың Ош облысына қарасты Ноқат ауданының әкімшілігі қалыңдықтың бағасын бекітті, деп жазады KazBIN.

Бұдан былай аудан әкімі қабылдаған ережеге сәйкес, қалыңдыққа төленетін қалың малдың құны 50 мың сом, төрт қой және екі тай мақтадан аспауы керек екен. Бұл туралы аудан басшысы Замир Асқаров КирТАГ агенттігіне берген сұхбатында айтыпты.

Той кортежі төрт машинадан аспайды. Ал той төрт сағатқа ғана созылады", – деген аудан басшысы той ережесін бұзғандар аудандағы ақсақалдар сотына тартылып, тиісті жазаларын алатынын жеткізген. "Біз аудан тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткіздік. Сонда бізге жылдан-жылға той шығындарының көбейіп кеткені туралы шағым көп түсті. Байлармен қарапайым адамдар бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан ақылдаса келе, осындай той-томалаққа жұмсалатын артық шығынды қысқартуды ұйғардық. Оны бақылау үшін арнайы комиссия құрылды", – дейді аудан әкімі.

Ал Қырғыз елінің қаржы министрінің дерегінше, бұл елдегі түрлі той-томалақтарды өткізуге жылына 1 млрд доллар жұмсалады екен. Өткен жылы тағы да осы Ош облысының Өзген ауданында жергілікті депутаттар қымбат той жасағыштар қазынаға 25-50 мың сом аралығында айыппұл төлесін деген ұсыныс жасаған болатын. Алайда шенеуніктер әлі күнге дейін қымбат тойдың құны қанша болатынын айта алмай келеді.

Жалпы, айырқалпақты ағайындардың ауыл ақсақалдары, дінбасылары мен жергілікті белсенділері қырғыз халқын той мен жаназа сияқты шараларға басы артық шығынданбауға шақырып жатыр.

Новости Казахстана
Қырғыздар той ережесі мен қалыңдықтың бағасын бекітті
Mailfire view pixel