KZ

Қазақстанда қыз ұрлау мәселесі өршіп барады

Расcказать Вконтакте

"Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы" қоғамдық бірлестігінің белсенділері еліміздегі қыз ұрлау мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Олардың айтуынша, отандық заңнамада қазақстандық қыздарды күштеп тұрмысқа шығарудан құтқаратын, сондай-ақ ұрлық жасағандарды жауапқа тарту шараларын күшейтетін нормалар қарастырылуы керек, деп жазады "Экспресс-К".

Қоғамдық белсенді әйелдердің айтуынша, ерте әрі күштеп тұрмысқа шығару мәселесі Қазақстанда кеңінен етек алуда. Оған "Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының" ҚР президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен және "Сорос Қазақстан" қорымен бірлесе жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі де дәлел бола алады. "Респонденттердің 60 %-ы кәмелет жасына толмаған қызды қалыңдық ретінде ұрлау оқиғасымен бірнеше рет кездескендерін айтты, - дейді "Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы" ҚБ басқарма төрайымы Әсия Хайрулина. - 74% жеткіншек кезінде ұрлап әкету арқылы тұрмысқа шыққан құрдастары барын растап отыр".

"Негізінде, қалыңдықты ұрлау –қылмыстық жазалануы тиіс іс, бірақ, өкінішке қарай, ұрлап кеткені үшін қыздардың немесе ата-аналарының арыз жазып жатқанын өте сирек кездестіреміз. Қоғамда қалыптасқан стереотиптер, ескішілдік және туған-туыстарының алдында сөзге қалудан қорқу өзінің құқығын қорғау үшін көмек сұраудан бас тартуға мәжбүр етеді", - дейді "Сана сезім" әйелдер бастамасы құқықтық орталығының жетекшісі Хадиша Әбішева.

Новости Казахстана
Қазақстанда қыз ұрлау мәселесі өршіп барады
Mailfire view pixel