KZ

СІМ шет мемлекеттердің "қара тізімін" жасайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға таяу уақытта баруды тоқтата тұруы керек мемлекеттердің тізімін жасайды.

Бұл туралы кеше өткізілген брифинг кезінде ведомстваның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

"Анау мемлекетке немесе мынау мемлекетке қатысты ұсыныстарды біз Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменттері тарапынан нақты дәл ақпараттық ұсыныстар болғаннан кейін ғана қосымша хабарлайтын боламыз", - деді Әбибуллаев.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының өкілі отандастарын басқа мемлекетке сапар шегуі кезінде барынша қырағы болуға, сақтандыру мәселесін де ұмытпауға шақырды.

Читайте также
СІМ шет мемлекеттердің "қара тізімін" жасайды
Mailfire view pixel