KZ
АҚШ-та Кирилл Денякиннің өліміне қатысы іс қайта қозғалды

АҚШ-та Кирилл Денякиннің өліміне қатысы іс қайта қозғалды

Расcказать Вконтакте

АҚШ-тың Портсмут қаласында қазақстандық Кирилл Денякиннің өліміне қатысы бар полицей Стивен Рэнкин азаматтық сотқа тартылды деп хабарлады Азаттық, АҚШ-тың PilotOnline.com веб-сайтына сілтеме жасап. 

Сотта Денякиннің ісіне қатысты жаңа деректер пайда болған. Полицей сотта Денякиннің өзінің бұйрықтарын орындамағанын алға тартып, оны тек жарақаттау мақсатында атқанын айтқан.

Ал Денякиннің отбасының қорғаушысы полицейдің айтқандарында оқиғамен сәйкеспейтін жайттар бар дейді. Қорғаушының айтуынша, полицей қауіпті асыра бағалап, қаруды шектен тыс қолданған. Бұған қоса Денякин қатты мас болғандықтан, полицейге шабуыл жасай алмас еді дейді ол.

Веб-сайттың жазуынша, сот 2 наурызға дейін болады.

Ақпанның 9-ында істі қараған Портсмут қаласының алқа соты Кирилл Денякинді атқан полиция қызметкерін айыпты емес деп тауып, істі жапқан болатын.

2011 жылдың сәуірінде Вирджиния штатының Портсмут қаласына "Work and travel" бағдарламасымен барған 26 жастағы Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді полицей ұры деп ойлап, атып өлтірген болатын.

 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel