KZ
2012 жылы мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаражат былтырғы жылға қарағанда азайды

2012 жылы мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаражат былтырғы жылға қарағанда азайды

Расcказать Вконтакте

Дархан Мыңбай: Мемлекеттік тілді дамытуға 12,9 млрд. теңге қаражат қарастырылған. 

Республикалық бюджетте 2012-2014 жылдары мемлекеттік тілді дамытуға 12,9 млрд. теңге қаражат қарастырылған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, үш жылдық бюджетте мемлекеттік тілді дамытуға 12,9 млрд. теңге қаражат қарастырылса, оның ішінде 2012 жылы - 2,8 млрд. теңге, 2013 жылы - 5 млрд. теңге, 2014 жылы - 5,1 млрд. теңге көзделіп отыр.

"Жалпы, 2012 жылы былтырғы жылға қарағанда мемлекеттік тілді дамытуға қаражат азайды.

Оның себебі мынада: интерактивтік білім жүйесіне тиісті қаржы былтыр қаралып, ол жүзеге асты. Оқу әдебиетін әзірлеу және басып шығаруға қатысты қаражат та былтыр жұмсалды. Бұдан бөлек, басқа да шаралар бар. Ал солардың ендігіде жоспарлы түрге көшуіне байланысты 2012 жылғы бюджеттегі сомасы азайтылды", - дейді Д. Мыңбай.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап, қаражаттың артуына байланысты министрлік жаңа жобаларды жүзеге асыруға күш салатын болады.  

Новости Казахстана
Mailfire view pixel