KZ
Қазақстанда бір жыныстылар некесіне заң жүзінде тыйым салынды

Қазақстанда бір жыныстылар некесіне заң жүзінде тыйым салынды

Расcказать Вконтакте

Қазақстанда бір жынысты адамдардың некесіне заң жүзінде тыйым салынды. 

Бұл "Неке және отбасы туралы" Кодексте тайға таңба басқандай жазылған.

Заң осы жылы қаңтардың 18-і күні күшіне енді.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін Астана АХАЖ бөлімдеріне бір жыныстылардан неке құру туралы арыз түспеген.

Ал Алматыда бірен-сараң дерек тіркелген. 

ГҮЛНАР САҒЫНДЫҚОВА - ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АХАЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

"Біздің елде халықтың рухани және моральдық тұрғыдан адамгершілік қасиеттері өте жоғары. Сондықтан біздің заңшығарушылар біржыныстылардың некесін тіркеуді қолдамады. Мен-де мұны дұрыс деп санаймын".

Ал отбасын құрғысы келген азаматтар арызды кез-келген аймақтағы АХАЖ бөліміне тапсыра алады. Яғни, сол аймақта тұрғылықты мекен-жайының болуы міндетті емес. Ал ерінің тегіне өткісі келгендер жаңа куәлікті бір ай мерзімінде жасауы тиіс.

Осыдан 13 жыл бұрын қабылданған кодекспен жұмыс істеп келген мамандар бүгін заңдағы өзгерістердің қыр-сырын түсіндірді. Құжатта 283 бап болса, оның 110-ы жаңа. Кодекске суррогаттық ана, ұрық доноры, тастанды бала секілді бірқатар жаңа түсініктер енгізілген.

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel