KZ

АҚШ елшілігі Қазақстан сақшыларына су жаңа көліктер сыйлады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

АҚШ Орталық Азияның 5 елінде наркотрафикпен күреске қатысты жаңа жоба әзірлеп жатыр. 

Ақ Үй аймақтарда арнайы жасақ құрып, сол арқылы Орта Азия елдерінің құпия, ақпараттарын білмек ниетте. Бүгін шетелдік басылымдар осындай хабар таратты.

Бірақ Қазақстандағы Америка дипломатиялық миссиясы, ақпарат жалған деп мәлімдеді. Айта кетейік, бүгін, АҚШ елшілігі еліміздің Ішкі істер министрлігіне 5 су жаңа көлік табыс етті.

Есірткі бизнесіне тосқауыл қою үшін. АҚШ елшісінің орынбасары Элизабет Миллард, мұның артында ешқандай жымысқы саясат жоқ, деп ақталды.

ЭЛИЗАБЕТ МИЛЛАРД - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ, АҚШ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

"Біз бұл көліктерді оңтүстіктен солтүстікке жетіп жатқан есірткіге тосқауыл қою үшін беріп отырмыз. Ал сіздердің айтып отырғандарыңыз қате, ақпарат. Жоба әлі талқыланып жатыр. Құпия, ақпарат талап ету мәселесі сөз болған емес".

Ақ Үйдің дипломатиялық миссиясы табыстаған көліктің екеуі кинологиялық қызметке арналған. Бұл иіссезгіш төртаяқтылар үшін барлық жағдай жасалған заманауи көлік. Есірткіге қарсы күрес комитетінің мамандары мұндай көліктер өзімізде жеткіліксіз дейді. Ал джиптер Шу алқабында есірткі бизнесімен күресіп жүрген сақшыларға жіберіледі.

 

 

Новости Казахстана
АҚШ елшілігі Қазақстан сақшыларына су жаңа көліктер сыйлады
Mailfire view pixel