KZ
Қырғыздар қазақтың ұнына құмар болып жүр
Новости Финансы

Қырғыздар қазақтың ұнына құмар болып жүр

Расказать Вконтакте

Қазақстандық ұн Қырғыз нарығын жаулап алды. 

Тіпті отандық өнім жергілікті бәсекелестерін ығыстырып тастаған.

Біздің диірменде тартылған ұнға көрші елде сұраныс өте жоғары.

Неліктен айыр қалпақты, ағайын қамырды қазақстандық ұннан илегенді жөн көреді?

Бұрын Қырғызстанда ұн тартатын диірмендердің саны 120-ға жететін.

Соңғы 1 жарым жылда оның небары бесеуі ғана қалған.

Бәсекеге төтеп бере алмаған диірмендердің дені банкротқа ұшырап отыр. Қазір елде бүкіл дерлік ұн сырттан әкілінеді. Қырғыз нарығының 80 пайызын қазақстандық өнім жаулап алған.

ТЕМІР САРИЕВ - ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯМЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

"Егер біз бүгіннен бастап ойланбасақ, ертең кеш қаламыз. Ұн тарту кәсібі жойылып кетуі мүмкін. Кейін оны қайта жандандыру оңайға соқпайтыны бәрімізге аян. Қыруар қаражат көзі қажет болады".

Аида Амантұрованың Бішкек базарында ұн сатып жүргеніне бірнеше жыл болды. Оның айтуынша, жергілікті өнімге деген сұраныс аз. Оның қасында қазақстандық ұн жақсы өтеді. Бағасы да қол жетімді.

АИДА АМАНТҰРОВА - САТУШЫ:

"Біріншіден, қазақстандық ұн - арзан, екіншіден, сапалы. Оның құнарлығы да өте жоғары. Одан тамақтың барлық түрін дайындауға болады. Сондықтан халық қазақстандық тауарды таңдайды".

Қазақстандық ұн жергілікті өнімді нарықтан неліктен ығыстырып отыр? Бұл мәселені Қырғыз Парламенті қаузап көрді. Сарапшылар: "отандық кәсіпкерлерге Қазақстандағыдай мемлекет тарапынан қолдау керек" деген қортындыға келген.

Мәселен, Қазақстанда ұн тартатын кәсіпорындарға көп жеңілдіктер жасалған. Ал, Қырғыз Үкіметі мұндай жобаны іске асыруға қауқарсыз. Себебі, қаражат жоқ. Сондықтан айыр-қалпақты, ағайынның сырттан әкелінген ұнды әрі қарай тұтынудан басқа амалы жоқ.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии