KZ

Теміртаудың орталығында ер адамды атып кетті

Расcказать Вконтакте

Теміртаудың орталығында машинасының кілтін талап етіп, ер адамды атып кетті. 

Бұл туралы BNews.kz  ақпарат агенттігі тілшісіне Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

"6 ақпан күні сағат 12-30 шамасында бетіне бетперде киген екі белгісіз адам Комсомольский көшесі бойындағы дүкен жанында 31 жасар ер адамды тапаншамен қорқытып, "Тойта Камри" машинасының кілтін талап еткен. Ол беруден бас тартқан соң оған бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс қозғалды. 

 

 

 

Новости Казахстана
Теміртаудың орталығында ер адамды атып кетті
Mailfire view pixel