KZ

Жаңаөзеннен 18 адам көшуге тілек білдірді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында Жаңаөзеннен 18 адам көшуге тілек білдірді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова. 

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары агенттігі хабарлайды.

"18 адам көшуге тілек білдірді", - деді Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы брифингте.

Оның айтуынша, барлығы жұмысқа орналасуға екі мыңға жуық өтініш түскен. "500 адам жұмыс істеп жатыр, қалғандары ақпанда іске кіріседі", - деп мәлімдеді министр.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Жаңаөзен әкімі Орақ Сарбөпеев Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне жауап беруден кейін қамауға алынды.

2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзенде  жаппай тәртіпсіздік басталды. 17 желтоқсан күні Маңғыстау облысының, Шетпе стансасындағы тәртіпсіздіктер тоқтатылды.  Жаңаөзендіге жаппай тәртіпсіздік салдарынан 125 нысанға зақым келіп, тоналды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі қақтығыс нәтижесінде 64 адамға оқ тиіп жараланды, 14 адам көз жұмды. Шетпе стансасында бой алған оқиғада 11 адам жараланып, 1 адам қаза болды. Сондай ақ, 40 полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды. ҚР Жарлығына сәйкес, Жаңаөзенде төтенше жағдай 2012 жылдың 5 қаңтарында дейін енгізілді. Кейіннен, ТЖ 31 қаңтарға дейін ұзартылды

 

 

 

Новости Казахстана
Жаңаөзеннен 18 адам көшуге тілек білдірді
Mailfire view pixel