KZ

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 11 отбасында егіз нәресте дүниеге келген

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 11 отбасында егіз нәресте дүниеге келген. 

МО перинатальдық орталығының бас дәрігері Жамал Жаманбаеваның мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың қаңтар айының ішінде 659 ана сәбилерін дүниеге әкелген.

Ал, 2011 жылы 7163 ана босанса, оның ішінде туылған егіз нәресте саны 100.

"Бір өкініштісі, мың баланың 300-і әр түрлі аурумен туылады. Мұның себебі - құрсақ ішіндегі асфиксия,гипоксия мен сәбидің жеткіліксіз тамақтануы,туа біткен ауытқу, хромосомалық бұзылымдар болып отыр", - дейді МО перинатальдық орталығының бас дәрігері Жамал Жаманбаева.

 

 

Новости Казахстана
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 11 отбасында егіз нәресте дүниеге келген
Mailfire view pixel